Атырау, 24 қараша 09:08
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейде әскери комиссариаттар мен әкімшілік ғимараттар өртене бастады

773 просмотра

Ресейде өртенген әскери комиссариаттар мен әкімшілік ғимараттар көбейе бастады. Бұл жөнінде Ресей БАҚ-тары жазып жатыр, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Mash басылымының мәліметіне қарағанда бір тәулік ішінде тек Ленинград облысында ғана Молотов коктейлі мен бензин құйылған канистрмен Кировское әскери комиссариаты мен Сяськелевск елдімекенінің әкімшілігін өртеп жіберген.

Мордовия, Калининград және Нижегород облыстарында да осындай жағдай қайталанған. Мордовияның Рузаевка қаласында әскери комиссариат басшысының көлігін өртеп жіберген.

Өткен аптада осыған ұқсас жиырмдан астам өрт болған.

21 қыркүйекте Владимир Путин Украинадағы соғысты жалғастыру үшін ішінара моблилизация жариялаған еді. Ресей президенті әскерге тек запаста тұрған азаматтар алынатынын айтқан. Қорғаныс министрі Сергей Шойгу "ішінара мобилизация барысында 300 мыңнан астам резервистер әскерге алынады" деп мәлімдеген. Кей ақпараттарға қарағанда, әскерге миллионға жуық адам шақырылуы мүмкін.

Мобилизация жарияланған соң Ресейдің ондаған қаласында соғысқа қарсы наразылық жиындары өткен. Жексенбінің кешіне қарай екі жарым мыңнан астам адам қамауға алынған. Ресейдің ондаған мың азаматы шетелге қашқан. Оның бір бөлігі Қазақстанға келген.

26 қыркүйек 2022, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.