Атырау, 29 қараша 09:38
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Шетелдіктерге жұмыс істеуге рұқсат ету азайған

816 просмотра

Атырауда шетелдік жұмышыларға берілетін квота саны соңғы үш жылда үш есе азайған. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Мейрамбек Алдияров мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

- Биыл шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 6 226 квота бөлінді. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда шетелдіктерге берілетін рұқсаттың үш есе азайғанын көрсетеді. Бөлінген квота шеңберінде биыл 1 қыркүйекке дейін жұмыс берушілерге шетелдік азаматтарды жұмысқа алу үшін берілген рұқсат саны - 5255. Оның ішінде 1-ші санат бойынша - 33, 2-ші санат бойынша - 732, 3-ші санат бойынша - 3698, 4-ші санат бойынша - 405, маусымдық шетелдік жұмыскерлерге - 381 және корпоративтік ауысым үшін - 6, - деді М.Алдияров. 

Айта кетейік, биыл жұмысқа орналасуға ниет білдірген 232 шетелдік азаматқа талапқа сай келмеуіне байланысты комиссия шешімімен рұқсат берілмеген.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 қыркүйек 2022, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.