Атырау, 4 қазан 16:26
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Құлсарылықтар үлкен жаңа стадионға ие болды

Сурет
1 181 просмотра

Құлсарыда Қала күніне орай «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында «Теңізшевройл» ЖШС салған 3000 орындық жаңа орталық стадион ашылды, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала орталығында орналасқан нысан 4,7 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Мұнда футбол алаңынан басқа шағын футбол және волейбол, басқа да спорт түрлеріне арналған залдары бар спорт кешені, сондай-ақ бассейн бар. Мұнда бір мезетте 250 адам жаттыға алады.

- Осындай стадион салып бергеніне алғысымыз зор. Ішінде спортқа керектінің бәрі бар. Осы стадионнан болашақ чемпиондардың көп шығуына үлкен үлес қосуға міндеттіміз, - дейді таэквандодан Қазақстанның спорт шебері Нұраддин Жолдасов. 

Стадионның ашылуына орай Жылыой ауданының құрама командасы ТШО қызметкерлерінің командасымен футбол матчын өткізді. «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында ТШО жыл сайын Атырау облысында мектеп, балабақша, денсаулық сақтау және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына 25 миллион доллар бөледі.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ ұсынған суреттер

24 қыркүйек 2022, 18:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.