Атырау, 29 қараша 09:49
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырауда тауарларды бажсыз әкелу нормалары өзгереді

951 просмотра

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Әлия БАЙТЕМІРОВА мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 1 қазаннан бастап құрлық шекарасынан өтетін азаматтар құны 500 еуродан (қазіргі уақытта 1000) және салмағы 25 келіден (қазіргі уақытта 31 келі) аспайтын тауарларды баж салығынсыз әкеле алады. Осы шектен асып кетсе, құнның 30% мөлшерінде баж салығын төлеу керек.

- Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тасымалдаушы жеткізген немесе халықаралық пошта жөнелтілімімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты биыл 1 қазаннан бастап тауарлардың құнының критерийлері 1000 евродан 200 еуроға дейін төмендетілді. Ал салмақ шегі 25 кг болып белгіленді, - деді Ә.Байтемірова.

Айта кетейік, темекі лимиті өзгеріссіз қалады. Яғни 18 жастан асқан жеке адамға жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын темекі қарастырылған. Осы орайда алкогольді бажсыз әкелу мөлшерлемесі де өзгеріссіз қалып отыр. Нақтырақ айтсақ, 18 жастан асқан жеке тұлғаға 3 литр рұқсат етілген.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 қыркүйек 2022, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.