Атырау, 26 сәуір 16:48
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырау орталығында Zodiac Hotel Atyrau қонақ үйі өртенді

Бейнежазба
1 318 просмотра

Алдын ала мәлімет бойынша, алдымен шатыр өртеніп, кейін от қонақ үйдің жоғарғы қабаттарына тараған.

- 23 қыркүйек сағат 14:58-де Атырау қ., Абай көшесі, №2 мекенжайында орналасқан үш қабатты Zodiac Hotel Atyrau қонақ үйінен түтін дабылы түсті. Алдын ала болжанған өрт аумағы 800 ш.м. құрайды. Төбе жабындысының тұтануы нәтижесінде өрт жоғарғы қабатқа тараған. Зардап шеккендер жоқ. Адамдар қонақүйден өз күштерімен шықты. Өрт 17:05 сағатта оқшауланып, 18:04 сағатта толықтай жойылды. 

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары, құрамында 40 қызметкер, 9 бірлік техника, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің 8 қызметкері, 3 бірлік техника, «Атырау Су Арнасы» АҚ (2 қызметкер, 2 бірлік техника) жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталуда. - деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 қыркүйек 2022, 23:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.