Атырау, 4 қазан 16:28
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Олимпиадаға қатысты жайсыздықтар

Сурет Бейнежазба
992 просмотра

Жақында «АЖ»-ға ата-аналар хабарласып, Жамбыл атындағы қалалық №21 мектепте сағат 9:00-де басталуы керек пәндік олимпиада уақытылы басталмай, секцияларға бөлінбеген оқушылар әрлі-бері сенделіп, қиындық туып жатқанын хабарлады.

- Таңертең келгенімізде мектеп олимпиада өткізуге дайын емес, оқушылардың әрлі-берлі сенделіп жүруі тапсыратын сынағына әсер етпей ме? - дейді ата-аналар. Олар балаларының олимпиададан алатын ұпайына әсер етуі мүмкін деп, аты-жөнін айтпады.

Мән-жайға байланысты «АЖ» тілшісінің сұрағына олимпиаданың барысын қадағалауға келген қалалық білім беру бөлімінің басшысы Фаруза ШАҢГЕРЕЕВА жауап берді.

- Тапсырмалар таңертең министрліктен келді. Сынақ барлық өңірде бір уақытта өтіп жатқандықтан, интернет байланысында аздаған мәселелер болды. Сұрақтарды флешкаға көшіріп алып, секцияларға жеткізген кезде кейбір флешкалар оқылмай қалып,осындай себептермен жарты сағатқа кеш басталды, - деді Ф. Шаңгереева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қалалық олимпиадаға әр оқушыға 2-3 ата-ана ілесіп келген. Оған қоса мектепте сабаққа келіп жатқан оқушылар бар, сол себепті таңертеңгілікте дәлізде абыр-сабыр орын алған.

Айта кетейік, пәндік олимпиада бастауыш сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, информатика-математика, физика-техника, тарих-өлкетану-этномәдениет, экология-валеология, психология-медицина, химия-биология пәндері бойынша 8 секцияда өтіп жатыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор 

26 қыркүйек 2022, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.