Атырау, 30 сәуір 13:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.55
€ 540.38
₽ 6.15

Тұщықұдықтағы жаңа спорт кешені желтоқсанда пайдалануға беріледі

1 465 рет қаралды

Бұл туралы Исатай аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жұмажан СЫДИХОВ мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Мердігер мекеме - «АС Құрылыс» ЖШС. Жұмыстар осы жылдың маусым айында басталды, нысанды желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі уақытта спорт кешенінің 60 пайыз жұмысы аяқталды.

- Спорт кешенінде үлкен ойын алаңы, жаттығу залы, жаттықтырушылар мен медицина қызметкерлерінің бөлмелері бар. Сондай-ақ, кіші футбол алаңы салынады, - деді Ж.Сыдихов.  

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ ұсынған сурет

26 қыркүйек 2022, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.