Атырау, 25 сәуір 18:35
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Атырауда №5 қалалық емхананың екі филиалы ашылды

Сурет
967 просмотра

Жаңа филиалдар Әйтеке би көшесі, 30а және Құрманғазы көшесі, 56 мекенжайында ашылды. Қала орталығындағы емдеу мекемесіне келушілердің көптігі мен емханаға халықтың тіркелуі жылдан жылға өсуіне байланысты филиал ашу қажет болды.

- Әйтеке би көшесі, 30а мекенжайы бойынша кеңес беру және диагностика, үш ауысыммен халыққа қызмет көрсететін 20 кереуетті күндізгі емдеу бөлімі бар. Ал Құрманғазы көшесі, 56 мекенжайында орналасқан филиалдың ашылуының басты мақсаты - осы шағын ауданға жақын орналасқан халыққа тиімді медициналық көмек көрсету. Филиал екпе, массаж, учаскелердің қабылдау бөлмесі, дәрігерге дейінгі бөлме және тіркеу орнымен жабдықталған. Сонымен қатар жедел жәрдем бригадасы да көшірілді, - деді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қ.АБДАЛИЕВ. 

Айта кетейік, жыл соңына дейін өңірде тағы бес филиал ашылу жоспарлануда.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ ұсынған суреттер

23 қыркүйек 2022, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.