Атырау, 9 мамыр 22:26
 ашықВ Атырау +7
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасынан босатылған жұмысшылары енді әлемнің әртүрлі елінде жұмыс істеуге мүмкіндік алды

PR Сурет
3 182 просмотра

APEC Training Center инновациялық оқу орталығына АҚШ-тағы Құрылыс бойынша білім беру және зерттеу ұлттық орталығы (бұдан әрі – NCCER) – бүкіл ТМД бойынша бірінші болып, халықаралық аккредитация алды. Қазір APEC Training Center түлектері, оның көпшілігі ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмысынан босатылған қызметкерлер әлемнің әртүрлі елінде жұмыс істеуге мүмкіндік алды. 20 қыркүйекте APEC оқу орталығында осы қуанышты оқиғаға арналған іс-шара өтті.

Оған Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ, APEC оқу орталығының негізін қалаушы Марияш АЙБАСОВА, «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин ЛАЙОН және ТШО-ның басқа да өкілдері қатысты.

APEC Training Сenter директоры Асқар СЕКЕРБАЕВТҢ айтуынша, жетекші инновациялық оқу орталығы 2016 жылы ашылған. Мұнда олар мұнай-газ, құрылыс, металлургия, тау-кен өнеркәсібі және басқа да салалар үшін барлық деңгейдегі жұмысшыларды оқытып, біліктілігін бағалайды. Қазір негізінен супервайзер дайындау жұмыстары жүргізілуде. «Теңізшевройл» Болашақ кеңею жобасы – Ұңғыма сағасының қысымын басқару жобасының (ККЖ-ҰЕҚБЖ) әлеуметтік жауапкершілік және мұраны сақтау бағдарламасы аясында Қазақстанда жұмыс орнын бағалаудың халықаралық жүйесін енгізуге арналған бұл бағытты қаржыландырды.

Сонымен қатар, құрылыс саласында металл конструкторларды, құбыр жөндеушілерді және ағаш слесарларын аттестациялау жүргізіледі. Бұл Қазақстанның еңбек ресурстарын, оның ішінде отандық білікті мамандар – жаңадан құзырлы құрылыс менеджерлерін дамытуға қосқан үлес.

NCCER сертификатын алу орта техникалық мамандықтардың деңгейін көтереді. Ол білім деңгейін ғана емес, құрылыс саласына қажетті практикалық дағдыларды да растайды. Мамандардың дерегі NCCER тізіліміне енгізіледі, сондықтан жұмыс берушілер қажетті білікті мамандарды оңай тауып, жоғары жалақысы бар жұмыс ұсына отырып, олармен тікелей байланыса алады. Осылайша, NCCER стандарттарына сәйкес білім алған қазақстандықтар бірден сұранысқа ие маманға айналады.

APEC оқу орталығының командасы NCCER стандарттарына сәйкес 2 жыл ішінде 15 000-нан астам қазақстандықтарды тест режимінде оқытты. Сондай-ақ 50-ден астам нұсқаушы, жаттықтырушы және емтихан алушылар оқытылды. Мамандарды бағалаудың ашық, әділ және кәсіби көзқарасына көз жеткізген NCCER ТМД-дағы алғашқы оқу орталығына емтихан тапсыру және халықаралық деңгейде мойындалған сертификат тапсыру құқығын берді. Қазіргі уақытта 2000 адам оқытылды, олардың 100-і сынақтан сүрінбей өтіп, халықаралық сертификаттарға ие болды.

- Біз 2020 жылдың соңында NCCER аккредитациясына үміткер болдық және осы жылдың мамыр айында толық аккредитация алдық.

ҰҚКБ әзірлеген жұмысшыларды аттестаттау алдымен Атырауда қолжетімді болды, содан кейін Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің техникалық колледждерінің бөлімшесі - «Талап» ҰАО қолдауымен Талдықорған қаласында және елдің басқа аймақтарының 4 колледжінде бірыңғай үлгі стандарттары енгізіле бастады. Бұл бастама қазақстандық жұмысшылардың дүние жүзіндегі басқа да ірі жобаларда жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтеді, - дейді А.Секербаев.

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев оқу орталығының ұжымын құттықтап, мұнай өндіру саласының мамандарына сұраныс жоғары, мұнайлы өлке үшін бұл өте маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол APEC оқу орталығының Атырау индустриалды колледжіне студенттерді оқытуда қолдау көрсету туралы ұсынысын қарастыратынын айтты.

Ал APEC оқу орталығының негізін қалаушы Марияш Айбасова NCCER ККЖ-ҰЕҚБЖ сияқты ауқымды жобаларда жұмыс істегендерге жұмысты жалғастыруға және әлемнің басқа елдеріндегі осындай жобаларда мансап құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

- Бізге қазірдің өзінде жұмыс берушілерден NCCER түлектеріне қазақстандық және шетелдік жобаларға негізінен Таяу Шығыс елдерінен сұраныс түсіп жатыр. Жергілікті таланттарға әділ, ашық және сапалы қолдау көрсету, әсіресе, Атырау облысындағы азаматтардың әл-ауқатына оң әсер ететініне сенімдіміз», - деді.

«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лион APEC оқу орталығының қазіргі халықаралық аккредитациясына толығымен лайық екенін атап өтті.

– Өздеріңіз білетіндей, ККЖ-ҰЕҚБЖ – республикалық маңызы бар жоба. Ол 25 000 білікті жергілікті кадрдың мұрасын құруға мүмкіндік берді. Адами капиталды дамыту – қазақстандық мамандарға ұзақ жыл бойы әлемдік еңбек нарығына жол ашатын тұрақты үлес, – деді К.Лион.

APEC Оқу орталығының құндылығы сонымен қатар кең ауқымды жобадан (ККЖ-ҰЕҚБЖ) босатылған мыңдаған қазақстандықтарға жаңа мамандық алуға немесе бұрынғы мамандық бойынша біліктілігін барынша арттыруға мүмкіндік беруінде – бұл үлкен мүмкіндік пен жақсы төленетін жұмыс табу. «Теңізшевройл» өз қызметкерлерін қалдырмай, оларға жұмыстан шыққаннан кейінгі кезеңді ауыртпалықсыз және еңбек нарығына сенімді түрде өтуге мүмкіндік берді - қазір тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де.

Бұл сенім әбден түсінікті, өйткені APEC оқу орталығы өзінің инновациялық тәсілдерімен орта техникалық білім беру жүйесінде «төңкеріс» жасады, енді ол ешқашан бұрынғыдай болмайды. Ал APEC оқу орталығы бұл салада ұзақ жыл бойы «шамшырақ» болары сөзсіз.

Анықтама:
NCCER 1990 жылдары Америка Құрама Штаттарында бүкіл әлем бойынша күрделі жобаларды жүзеге асыратын 125 жаһандық құрылыс компаниясы жетекшілерінің қолдауымен құрылды. Салалық стандартталған оқыту және аккредиттеу бағдарламасы білікті және сенімді персонал іздейтін компаниялар үшін біліктілікті бағалаудың әділ және ашық құралы болып табылады. Сонымен қатар, 70-тен астам мамандықты қамтитын NCCER бағдарламалары Қазақстандағы техникалық және арнайы білім беру сапасын арттырады.
APEC оқу орталығы табысты тәжірибесін қазақстандық құрылыс компаниялары мен Қазақстанның басқа колледждеріне таратуды жоспарлап отыр.
23 қыркүйек 2022, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.