Атырау, 29 наурыз 07:04
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жұмыспен қамтуға арналған бағдарламаларға өзгеріс енді

1 223 просмотра

Көрнекі сурет

Биылдан бастап «жастар практикасымен» жұмысқа орналасатындардың жұмыс істеу кезеңі 6 айдан 1 жылға дейін, еңбек ақысы 25АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін көбейді. Бұдан басқа, 2023 жылдан бастап бағдарламада қазіргідей 29 жасқа дейін емес, 35 жасқа дейін қамтылады.

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлболат АМАНҒАЛИЕВАНЫҢ мәліметінше, Аытрау облысында биылдан бастап «Ұрпақтар келісім-шарты» және «Күміс жас»деп аталатын жаңа екі жоба іске асырылуда.

«Ұрпақтар келісім-шарты» жобасының мақсаты - жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыздарды зейнеткерлік жасқа жақындаған жұмыскермен алмастыру. Бұл жоба аясында 18 жасты қамту жоспарланған.

«Күміс жас» жобасы зейнеткерлік жасқа жақындаған жұмыссыздарды 12 айдан аспайтын мерзімге жұмыспен қамтуға бағытталған. Мұнда 126 адамды қамту жоспарланған.

- Өз ісін ашу бағытында берілетін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар көлемі 200 АЕК-тен 400АЕК мөлшеріне дейін көбейтілді. Гранттар кезең-кезеңімен берілуде, бүгінде 175 адам грант алды, оның 81-і жастар, 62-сі көп балалы аналар, 4-еуі атаулы әлеуметтік көмек алушылар (аз қамтылған отбасылар), 11-і мүгедектігі бар адамдар, 15-і мүгедектігі бар адамдарға күтім жасаушылар және 2-еуі асыраушысынан айырылғандар, - дейді Г.Аманғалиева.           

Оның сөзінше, қазіргі кезде секілді жұмысшы мамандықтарға сұраныс көп, ал жұмысшы жетіспейді. Жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша биыл 918 адамды жергілікті бюджет есебінен және тағы 1 000 адамды «Теңізшевройл» мекемесінің қаражаты есебінен оқыту жоспарланған. Қазіргі кезде жергілікті бюджет есебінен 99 адам, «Теңізшевройл» мекемесі арқылы 350 адам әртүрлі мамандықтар бойынша оқып жатыр.         

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

23 қыркүйек 2022, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.