Атырау, 29 қараша 11:51
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырау облысында 10,8 млрд теңгеге тоғыз инвестициялық жоба жүзеге асырылады

1 342 просмотра

Бұл туралы Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол ЖАҢАБЕКОВ мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«2021-2025 жылдарға арналған Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына» сәйкес, белгіленген жылға дейін 338 жұмыс орнын құрып, 10,8 млрд теңгеге тоғыз инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. 

- Биыл Атырау қаласында «Нұрлы-Тал» этносаябағы, Құрманғазы ауданында туристік балық аулау базасы, Мақат ауданында Ақтөбе–Атырау тасжолы бойындағы кемпинг, Исатай ауданында «AMANDYG» кемпингі салынып, ал Құрманғазы ауданындағы «Қиғаш» туристік базасына қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді. Сондай-ақ 2021-2022 жылдар аралығына жоспарланған Махамбет ауданындағы «Сарайшық» визит орталығы мен Атырау қаласындағы белсенді демалыс отбасылық саябағының құрылысы жүруде. Оған қоса 2022-2024 жылдар аралығында Индер тұзды көлінің жағалауына шипажай-сауықтыру кешені мен 2024-2025 жылдар аралығында Махамбет ауданына «Эльдорадо» демалыс базасын салу жоспарланған, - деді Н.Жаңабеков.  

Биыл ішкі және кіру туризмі бойынша 57,7 мың адамға 1 млрд 722 млн теңгеге қызмет көрсетілген. Бұл статистикалық мәлімет туризм саласын дамытуға жеке кәсіпкерлердің өз қаражаты немесе демеушілер есебінен салынған инвестиция көлемін көрсетіп отыр. Оған статистикалық есептемелерге сәйкес нысандар салынып, қажетті жабдық сатып алынған.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті РКС жолдады

22 қыркүйек 2022, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.