Атырау, 29 қараша 11:51
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Әкімнің орынбасары Фин елшісін қабылдады

907 просмотра

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат НҰРТАЕВ Финляндия елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханисті қабылдады. Қос тарап қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, смарт қала құрылысы, инвестиция тарту мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

2022 жылдың қаңтар-шілде айындағы көрсеткішпен Атырау облысы мен Финляндияның сыртқы сауда байланысы 9,3 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт - 8,7 млн АҚШ долларына тең.

- Мемлекет басшысының алға қойған ең басты міндеті - елімізге инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу. Осы тұста екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, финн инвестицияларын тартуға, сондай-ақ өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, медицина, сауда және басқа да салаларда бірлескен кәсіпорындар құруды бірігіп жүзеге асыруға әркез дайынбыз, - деді Қайрат Нұртаев.

Сойли Мякеляйнен-Буханистің айтуынша, делегациялық топтың Атырау өңіріне іссапар мақсаты – қазақстандық және финляндиялық компаниялар арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру үшін еліміздің батыс аймағымен, оның ішінде «мұнайлы астананың» әлеуетімен танысу. Делегацияның ресми сапары ҚР Сыртқы Істер Министірлігі және KAZAKH INVEST ҰҚ АҚ тарапынан ұйымдастырылған.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті ӨКҚ жолдады

 

22 қыркүйек 2022, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.