Полиция қызметкерлері 20 қыркүйекте қала маңындағы Жұмыскер ауылында 57 жастағы мас ер адамның 20 жастағы қызға тиісіп, ол бас тартқаннан кейін оған бас салып, шашынан сүйрегені анықталды.
ПД баспасөз қызметі қаскөйдің қсталғанын және уақытша ұстау абақтысына қамалғанын хабарлады. ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-бөлігі («Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау») бойынша хаттама толтырылды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА