Бұл туралы Құрманғазы аудандың құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Марат ХАСАНОВ мәлімдеді.
- Шортанбай-Жыланды елді мекендерін жалғап тұрған жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы былтыр тамызда басталған болатын. Тапсырыс беруші - аудандық құрылыс бөлімі, мердігер - «Декор» ЖШС. Жоспар бойынша құрылыс 10 айда аяқталуы тиіс еді, алайда көктемгі су келген кезде балықтардың уылдырық шашуына кедергі болмау мақсатында жұмыстар уақытша тоқтатылды. Қазіргі таңда жұмыстар қайта жанданды, металл конструкциялары толықтай дайын, бетон құю жұмыстары жүріп жатыр, - деді М.Хасанов.
Оның айтуынша, жаяу жүргіншілер көпірінің ұзындығы - 108 метр.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
ӨКҚ жолдаған сурет