Атырау, 4 қазан 18:27
 ашықВ Атырау +10
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Қандастарға арналған «Қазақ картасы»

1 484 просмотра

Бұл туралы Шетелдік жұмыс күшін тарту және көші-қон бөлімінің басшысы Мейрамбек АЛДИЯРОВ мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өзге елде табысты бизнес-кейстерді іске асырып, оны Қазақстанға әкелуді мақсат еткен 100 этникалық қазаққа «Қазақ картасын» беру жоспарланып отыр.

- Өзге елден оралған қандасымыз Қазақстанда өз бизнесін ашу және жылжымайтын және басқа да мүлікке иелік ету, қаржылық операцияларды жүргізу секілді мүмкіндіктерге ие болады. Елге оралуға ниет білдірген этникалық қазақтар үшін еліміздің барлық өңірінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі, - деді М.Алдияров.

Осы жылы Атырау облысына шет елден келген 198 қандасымыз этникалық қазақ мәртебесін алған. Сондай-ақ, жұмыспен қамту орталығына үш қандас хабарласып, тұрақты жұмысқа орналасқан.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ коллажы

22 қыркүйек 2022, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.