Атырау, 26 сәуір 22:09
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Кен орнын пайдаланып, тастап кеткен

Бейнежазба
932 просмотра

Мақат ауданы Доссор кентінен шамамен 17 км жердегі «Жыңғылды» елді мекені тұсында мұнай қалдықтары табылды.

- Кезінде бұл жерде кен орны болған. Ол кімге тиесілі екенін анық білмеймін. Міне, қараңыз, кен орнын пайдаланып тастап кеткен және мұнай қалдықтарымен бүлдірген. Бірақ мұны жер қатынастары болсын, экология департаменті болсын, ешкім көрмейді. Енді осы жерді бүлдіргенді тауып, әділ шарасы алынуы тиіс, - дейді «Байтақ-Болашақ» Альянс қоғамдық бірлестігі Мақат ауданындағы филиал директоры Ғазиз ҒАБДУЛЛИН.   

Осыған орай Атырау облысы бойынша экология департаменті мынадай түсінік берді: «Ғ. Ғабдуллин өзінің Facebook әлеуметтік желісінде Жыңғылды елді мекені тұсында кен орнын пайдаланып, қараусыз қалдырып, мұнайымен бүлдіріп кеткені жөнінде бенежазба жариялады. Осыған орай 19 қыркүйек күні аудандық әкімшілік, прокуратура және полиция қызметкерлерімен бірлесіп тексеріп қараған болатынбыз. Мұнай өнімдерімен жердің бүлінгені анықталып, зертханалық талдамалы бақылау бөлімінің маманы сынама алды. Бүгінде кен орны кімге тиесілі екенін анықтау жұмыстары жүргізілуде».

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Экология департаменті ұсынған сурет

Ғ. Ғабдуллин жолдаған бейнежазба

21 қыркүйек 2022, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.