Атырау, 25 сәуір 20:01
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Өз бетінше әрі жүйелі: Экология министрлігі АМӨЗ-дің газды алауда жағуы туралы

1 046 просмотра

Экология министрлігі Атырау мұнай өңдеу зауытында жүргізілген жоспардан тыс тексеру қорытындысын жариялады.

"Атырау облысы бойынша экология департаменті ағымдағы жылдың 18 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында "АМӨЗ"ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тематикалық тексеру жүргізді.

Тексеру зауытты электрмен жабдықтаудағы кернеудің істен шығуы нәтижесінде технологиялық қондырғыларды толық тоқтату жүргізілгенін көрсетті.

Осыған байланысты, жабдықтың қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету үшін көмірсутегі газының артық қысымы қысқа уақытта алау жүйесіне жіберілді.

"KEGOC" АҚ тарапынан электрмен жабдықтауды қалпына келтіргеннен кейін тауарлық өнім өндіруге арналған технологиялық тізбектің қалыпты жұмысын қалпына келтіре отырып, технологиялық қондырғылар қайта іске қосылды.

Жобалау құжаттарын зерделеу кезінде кәсіпорында алауларда газ жағудан эмиссияға рұқсат жоқ екені анықталды. Осылайша, "АМӨЗ" ПГПН алау қондырғысында 73 мың м3 көлемінде отын газын жағу нәтижесінде жүзеге асырған эмиссиялар және ППНГО қондырғысында 6 мың м3 өз бетінше болып табылады және ҚР экологиялық заңнамасына сәйкес нормалауға жатпайды.

Айта кету керек, мұндай бұзушылық жүйелі болып табылады. Ұқсас фактілерге кәсіпорын бір жылда үшінші рет жол берген.

Кәсіпорынға қатысты қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін жүйелі түрде асырғаны үшін ӘҚБтК-нің 328-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды .

Материалдар соттың қарауында болады".

20 қыркүйек 2022, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.