Атырау, 25 сәуір 03:49
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атыраулық жас шахматшы әлем чемпионы атанды

1 127 просмотра

Атыраулық 13 жасар шахматшы қыз Зарина НҰРҒАЛИЕВА Румыния елінде 72 елден жиналған 96 шахматшы қатысқан Әлем чемпионатында жеңіске жетті. Бұл туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған ТӨЛЕУОВА мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Зарина «классика» түрінен алтын жүлдеге ие болды. Ол АҚШ, Канада және Ресей елінің ойыншыларымен тең ойнаса, Үндістан, АҚШ, Польша, Украина, Әзірбайжан, Латвия және Ресей елінің шахматшыларын жеңіп, 11 кезеңде 9 ұпай жинады. 

- Заринаны бұл додаға белгілі жаттықтырушы Жәнібек АМАНОВ пен Сабырбай ГАЙСИН дайындады. Алда әлі бірталай жарыс бар. Сол ойындарда да Заринаның жеңіске жететініне сеніміміз мол, - дейді Н.Төлеуова. 

Айта кетейік, Зарина Нұрғалиева 2019 жылы Беларуссия елінде 12 жасқа дейінгі қатысушылар арасында алтын жүлдеге ие болып, шахматтан өңірімізден шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанған еді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 қыркүйек 2022, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.