Атырау, 26 сәуір 09:12
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жарсуаттықтар спорт кешенін қашанға дейін күтеді?

Сурет
1 348 просмотра

Индер ауданы, Жарсуат ауылындағы спорт кешенін пайдалануға беру жылға жуық кешіктіріліп жатыр. Бірақ сот құрылыс фирмасын жосықсыз мердігер деп танудан бас тартып отыр.

- Жалпы бұл ауылда спорт кешені болған емес, ал спорт шараларын өткізу үшін мектептің футбол алаңы мен спортзалын уақытша пайдаланып келді. Онда да мектеп рұқсат берген жағдайда. Егер өзіндік шаралары толы болса, мектеп бас тартады. Сол себептен ауыл жастары тұрмақ, ересектер бұл кешеннің ашылуын асыға күтіп жүр,-дейді Жарсуат округінің әкімі Ербол БУКЕЕВ.

Спорт кешенінің обьектісіне бюджеттен 467 млн теңге бөлінген болатын. Құрылыс жұмысы 2020 жылы басталып, 2021 жылдың аяғында толық аяқталып, пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда мердігер - «Корпорация АқОрдасы» ЖШС пайдалануға беру мерзімін он айға кешіктірген.

- Мен бұл жұмысқа көктемде келдім, сол себептен кешігу себептерін түсінбедім. Мамырда қабылдайтын болғанбыз, бірақ технадзормен бірлесіп тексергенде, бірнеше кемшіліктерді анықтадық. Сыртқы қоршау жұмыстары дұрыс атқарылмаған, төсемтастар қисық болды және т.б. Жұмысты кешіктіргені үшін құрылыс бөлімі Атырау облыстық ауданаралық экономикалық сотына «Корпорация АқОрдасы» ЖШС-ін жосықсыз қатысушы деп тану жөнінде талап арыз берген болатын. Бірақ сот тапсырысшының талабын қанағаттандырмады, - дейді Индер аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Алтынбек ҒАБДУЛЛИН.

- Обьект қашан бітеді деп отыр?

- Жалпы спорт кешенінің жұмысы 99 пайызға бітіп тұр. Бүгінде спорттық жиһаздар түгел алынды. Келесі айдың ішінде кешенді қабылдап алу үшін ток, су, газ құжаттарын заңдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Уақытытынан кешіктіргені үшін айыппұл салынуы мүмкін.        

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор          

22 қыркүйек 2022, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.