Атырау, 23 желтоқсан 04:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырауда ескерткіштер цифрландырылды

Сурет
1 246 рет қаралды

Биыл туризм саласын цифрландыру мақсатында алты туристік нысанға, яғни Сарайшық қаласының орны, «Хан Ордалы Сарайшық» музей қорығы, Хиуаз Доспанова, Жұмекен Нәжімеденов, Дина Нұрпейісова және Құмаршық ескерткіштеріне QR-код орнатылды. Туристер бұл нысандар туралы бес тілде ақпарат ала алады.

- Алдымен смартфон немесе планшетке Play Market және App Store-дан «Tarihi jol» қосымшасын жүктеп алып, тақтайша бетіндегі QR-кодты сканерлеу керек. Код арқылы ескерткіш жайлы ақпаратты өзі қалаған тілде ала алады. Мәселен, ұялы телефон арқылы «Сарайшық» қаласының орнындағы кіреберісте орнатылған QR-кодты сканерлесеңіз, онда бұл нысан қай жылы қойылғаны және тарихы туралы толық ақпарат береді, - дейді Атырау облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол ЖАҢАБЕКОВ.

QR-кодты орнату жұмыстары әрі қарай жалғаса бермек, өңірімізде республикалық маңыздағы 4, жергілікті маңыздағы 313 ескерткіш бар.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ӨКҚ ұсынған суреттер

20 қыркүйек 2022, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.