Атырау, 29 қараша 11:54
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Рахия Молдашева әлем чемпионатына төртінші алтынын алуға барады

980 просмотра

Махамбет ауданының тұрғыны 27 қыркүйек - 5 қазан аралығында Түркияда өтетін кезекті әлем чемпионатына дайындалуда, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аудандық жарыстан жеңіс тұғырынан көрінген Рахия Молдашева облыстық чемпионаттан да, Өскемен қаласында өткен республикалық ардагерлер арасындағы спартакиададан да жүлделі орынға ие болды. Кейін Азия чемпионатында алты рет, әлем чемпионатында үш рет өзінің мықтылығын мойындатқан. Былтыр Атырауда өткен спортшылардың Sports Awards – 2021 марапаттауында облыстағы «Үздік ардагер спортшы» деп танылды.

- Армрестлинг деген атауы өзге болғанымен, қол күресі қазаққа жат емес. Республикалық сайыстан жүлдемен оралғаннан кейін облыстық құрама сапына қабылданып, кәсіби бапкер Сергей ПЕРЕДИСТЫЙМЕН жаттықтым, - дейді Р.Молдашева.

Рахиядан жеңіліс тапқан америкалық спортшы «Азат» радиосына берген сұхбатында қарсыласының бойындағы күштің тумысынан берілген қайрат екенін айтыпты. Рахия Молдашева - екі ұл мен екі қыздың анасы. Ана жолын жалғаған кіші қызы Кәмшат самбо күресінен Қазақстан чемпионы атанған.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ ұсынған суреттер

20 қыркүйек 2022, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.