Атырау, 17 мамыр 13:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

«Алаңдамаңыздар - бұл зымырандар емес, ресейлік жолаушылар ұшағы»

Бейнежазба
1 066 просмотра

Атырау тұрғындары қала үстімен ұшып жатқан ұшақтар ағынының көптігіне алаңдаулы, ал 12 қыркүйекте олардың саны өте көп болды. Аспандағы ұшақ іздері құдды жауынгерлік ұшақ немесе зымыран ұшып өткендей.

«АЖ» сауалына «ҚазАэроНавигация» РМК Әуе қозғалысын ұйымдастыру департаментінің директоры Серік Амангелдіұлы ШҮЛЕМБЕКОВ былай деп жауап берді: «Біз арқылы ұшатын ұшақтардың көп болуы, ең алдымен, қазір Ресей біз арқылы ұшып жатқанына байланысты. Бұл тұрақты азаматтық рейстерді орындайтын кәдімгі ресейлік жолаушылар ұшағы. Олар Орал арқылы кіріп, одан Атырау бағытына, одан кейін Ақтауға ұшып, содан соң Ресейдің оңтүстігіне – Минеральные воды, Махачкала және басқа қалаларға, әрқайсысы өз бағытына ұшады. Көрсетілген мерзімде (тәулікте) Атырау арқылы 1160 ұшақ ұшты. Олар біз арқылы, әрине, заңды түрде ұшады. Ал олардан қала тұрғындарын үрейлендірген із қалады, бұл инверсиялық із* деп аталады. Бұл әскери зымыран да, басқа да емес, Атырау тұрғындарына алаңдаудың қажеті жоқ».

Біз авиация мәселесі жөніндегі маманға да хабарластық:

- Иә, мен бұл жауаппен толық келісемін, - деді ол. – Соғыс басталғаннан кейін кейбір аймақтар жабылып, ұшақтар Қазақстан арқылы ұшып жатыр. Олар төмен ұшпайды, бір қарағанда солай көрінуі мүмкін, инверсиялық із көбінесе жақсы биіктікте ұшқанда пайда болады. Бейнежазбада бұл әскери ұшақтарға ұқсамайды.

«АЖ» анықтамасы:

Инверсиялық із – қозғалатын ұшақ аппаратының артында атмосферада пайда болатын конденсацияланған ылғалдан (тамшылар немесе мұз кристалдары) тұратын ауада көрінетін із. Инверсиялық іздің туындауына негізгі себеп – авиациялық отынның жануы нәтижесінде пайда болатын пайдаланылған газдар. Мұндай іздер бұлттардың жеке тобына жатады. Конденсация су буының мөлшері қанықтыру үшін қажетті мөлшерден асып кеткен жағдайда ғана пайда болады.

Елена СҮНДЕТОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

19 қыркүйек 2022, 23:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.