Атырау қаласының Балауса ықшам ауданында ер адамды ит талап тастады.
Әлеуметтік желіде тараған бнйнежазбада ер адам үйіне кіріп бара жатқанда көршісінің қатты айқайын естіп, жүгіріп келгенде оны иттің талап жатқанын айтады. Кадр сыртындағы дауыс: «Алабай тұқымдас ит болуы керек, әрең дегенде арашалап қалдық. Жеп қоятын түрі бар. Ит келесі көшені айналып қашып кетті» дейді. Ал зардап шегуші иттің аяқ-қолын талап тастағанын айтады.
Жедел жәрдем оны ауруханаға алып кетті.
Еске салсақ, 10 қыркүйекте қала маңындағы Томарлы ауылында алабай тұқымды қаңғыбас ит 7 жасар баланы қауып алған еді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Әлеуметтік желіден алынған сурет