18 қыркүйек күні сағат 02:00 шамасында орталық көпір үстінен белгісіз ер адамның секіргенін байқаған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Арман Қарабалиев пен Меллат Абужанов дереу құтқаруға кіріскен, деп хабарлайды Polisia.kz.
Арман Арман Қарабалиев құтқару жилетін киіп суға батып бара жатқан ер адамға қарай жүзген. Кейін жағаға шығару үшін оның әріптесі Меллат Абужанов көмекке келген. Судан шығарылған соң есінен танып қалған ер адамға тәртіп сақшылары алғашқы медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды.
"Суға секірген адамды естіген бойда уақыт тығыз екенін түсіндік. Бастысы адамды құтқару болды, құтқардық. Дәл осы көпірде 2019 жылы суға секірген әйел адамды құтқарып әріптесіміз Шалқар Ақымғалиев дүниеден өткен еді. Есіме сол оқиға оралды. Бірақ 2019 жылдан бері де бірнеше рет осы көпірден секірмек болған азаматтар құтқарылды,- деді полиция аға лейтенанты Арман Қарабалиев.
"АЖ" тілшісі көпірден секірген ер адамның 1994 жылғы қала тұрғыны екенін, оның ауруханаға жеткізілгенін анықтады.