Атырау, 4 қазан 20:34
 ашықВ Атырау +11
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Путин ​Украинамен ымыраластыққа жетуге даяр екендіктерін мәлімдеді

1 053 просмотра

Өзбекстанның Самарқанд қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 27-саммиті басталады. Саммитке көптеген елдің басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылған. Кездесуде аймақтық, сонымен қоса жаһандық маңызы бар мәселелер талқыланбақ, деп хабарлайды Адырна сайты. 

Саммит аясында В. Путин Үндістан басшысымен пікір алысып, Украина-Ресей соғысына қатысты пікір білдірді. Пікір алмасу үстінде Ресей президенті Украина тарабымен ымыраластыққа жетуге даяр екендіктерін ашық айтады.

- Біз мұның бәрінің тезірек аяқталғанын қалаймыз. Десе де, өкінішке қарай, қарсы тарап, оның басшылығы, келіссөзден бас тартып, өз мақсаттарына ұрыс даласында жетеміз деп табандап отыр. 

16 қыркүйек 2022, 21:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.