Атырау, 4 қазан 20:24
 ашықВ Атырау +11
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Сall-орталығы бағаны ұстап тұруға көмектесе ме?

944 просмотра

Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын қадағалау үшін call-орталық құрылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сall-орталық дүкендерде, базарларда, супермаркеттерде және басқа да сауда нүктелерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қымбаттауына жол бермеу үшін еліміздің барлық өңірінде іске қосылды.

- Қоңырау алдымен ҚР Сауда комитетінің облыстық дапартаментіне түседі. Ал call-орталықтың кеңесшілері әрі қарай қандай қадам жасайтынын түсіндіреді. Шағымданған жағдайда сауда орнының атауы мен мекенжайын нақты көрсетуі, алған тауардың суреті және түбіртегі міндетті түрде өзінде болуы керек. Әзірге өңіріміз бойынша шағым түскен жоқ, - деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет ЖУМАСИТОВ.

Хабарламалар дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін 8(702)3648010 ұялы телефоны арқылы қабылданады. Сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшалары арқылы өтініштер қалдыруға болады.

Дайындаған Нұрбейбит НҰҒЫМАНОВ

16 қыркүйек 2022, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.