Атырау, 23 желтоқсан 06:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

«Атырау» ӘКК бағаны тұрақтандыру үшін сауда желілеріне қарыз берді

1 166 рет қаралды

2022-2023 жылдарға арналған бағаны тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ жергілікті сауда желілеріне және көкөніс өнімдерін өндірушілерге айналым қаражатын толықтыру үшін қайтарымды қарыз берді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Осы қарыз аясында кәсіпкерлер екі жыл ішінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасын тұрақты ұстап тұруға міндеттелді. Бүгінде өңірдің тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 18 атауы шекті және шекті рұқсат етілген бөлшек саудадан аспайтын, сондай-ақ нарықтық бағадан орташа алғанда 21%-ға төмен бағамен сатылып жатыр. 

- Тұрақтандыру қорына 3 тонна азық-түлік тауары, оның ішінде 1 953 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Бұл көлем облысты 2023 жылдың мамыр айына дейін қамтамасыз етеді. Картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат сияқты ауыл шаруашылығы өнімдері қаланың төрт базарында және төрт сауда павильонында сатылады. Сондай-ақ картоп «Ярмарка» желісінің 11 супермаркетінде сатылуда, - деп хабарлады «Атырау» ӘКК АҚ департаментінің директоры Дмитрий ДЮ.

Өңірде бірінші сұрыпты ұн мен одан дайындалатын нан бағасын тұрақтандыру үшін ұн тарту кәсіпорнымен келісімшарт жасалды. Бүгінде наубайханаларға 4 005 тонна ұн сатылса, қорда қалғаны 606,5 тонна. Нанның бағасы 1 дана үшін 80-82 теңгені құрайды.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

15 қыркүйек 2022, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.