Атырау, 4 қазан 20:26
 ашықВ Атырау +11
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Индерде жоғары сапалы ас тұзы өндіріле бастады

1 242 просмотра

Атырау облысында жаңа өнім пайда болды. Индердегі тұзды көлден жоғары сапалы ас тұзы өндіріле бастады. Бұл істі «INDERTUZCOMPANY» ЖШС қолға алған. Бұл туралы Индер аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазір кәсіпорында  жергілікті 10 тұрғын еңбекпен қамтылған, тағы 60 адамды жұмыспен қамту жоспарда бар. Мамандардың айтуынша, ас тұзы стандартты әдіспен өңделеді. Сапасы өте жоғары, кристалдылығы 99,5 пайызды құрайды. Йодталған ас тұзы ішкі нарық үшін өндіріледі. Айта кету керек, табиғи минералдың адам денсаулығы үшін, нақтырақ айтсақ, жүрек, қан айналымы үшін маңызы зор.

Зауыттың техникалық директоры Димат ТУҒАНБАЙДЫҢ айтуынша, айына 2 мың тонна ас тұзын өндіру жоспарланған. Қазір тауардың құжаттары әзірленіп жатыр. Сараптамадан кейін, нарыққа жөнелтіледі.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ ұсынған сурет

15 қыркүйек 2022, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.