
Өнім тапшылығы жоқ, бірақ жұмыртқаның бағасы көтерілді. Осыған байланысты наубайхана иелері оларды үлкен партиямен қамыр шығаруға арзан бағамен – «Идеал Маркет» желісінен 35,6 теңгеден алғанды жөн санайды. Бұл жағдайды алыпсатарлар да пайдаланып жатыр, - дейді қала әкімдігі.
– «Идеал Маркет» желісі жеткізушілерден жұмыртқаны 42 теңгеден сатып алып, 35,6 теңгеден сатады. Себебі, олар айналым қаражатын толықтыру және бағаны тұрақтандыру мақсатында қайтарымды несие алған. Осыны пайдаланған алыпсатарлар супермаркеттерден 20-30 кассеттадан алып, жоғары бағамен сата бастады. Іссапардан жаңа ғана оралдым, Қарағандыда, Павлодарда болдым. Ол жақта әлеуметтік нүктелерде жұмыртқа 45 теңгеден сатылуда. Жеткізушілер тарапынан бағаның көтерілуіне байланысты біз тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияға осы әлеуметтік маңызы бар өнімнің құнын көтеруге өтінім беруді жоспарлап отырмыз, – дейді мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру департаментінің директоры Дмитрий ДЮ. Тұрақтандыру қорының өнімдері сатылатын нүктелердегі бағаны 4-тоқсаннан кейін көтеру жоспарлануда. Ал әзірге «Идеал» супермаркеттеріне шектеу енгізіліп, бір тұтынушыға он данадан аспайтын жұмыртқа сатылады.
Мен өзіміздің жергілікті құс фабрикаларының жағдайын сұрадым. Дмитрий Дюдің айтуынша, «Атырау» ӘКК құлсарылық «Атырау Сауда» ЖШС («Бақайқұс») фабрикасымен жұмыс істемейді, ол негізінен Жылыой ауданын қамтамасыз етеді. Ал, «Алмалы құс» фабрикасына келсек, былтыр электр қуатының істен шығуына байланысты цехтарда вентиляция болмағандықтан, 86 444 тауық қырылған. Бұл үлкен шығын әкеліп, содан бері фабрика өзінің өндірістік қуатына жете алмай келеді.
Дегенмен, біздің өңір өзін жұмыртқамен толық қамтамасыз ете алмайды. Сұраныстың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарының өнімдерімен қамтылады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор
В Атырау -2