Киевте Украина президенті Владимир Зеленскийдің кортежі апатқа ұшырады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Сергей Никифоров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.
"Киевте жеңіл көлік Украина президенті отырған кортежбен соқтығысты. Мемлекет басшысымен бірге жүрген дәрігерлер көлік жүргізушісіне шұғыл көмек көрсетіп, оны жедел жәрдемге тапсырды. Ауыр жарақат алғандар жоқ. Президент те дәрігерге қаралды, қорқатындай жарақаттар жоқ. Тәртіп сақшылары жол апатының барлық мән-жайын анықтайды", - деп жазды Никифиров Facebook парақшасында.
Еске салайық, 14 қыркүйекте украиналық ақпарат құралдары Владимир Зеленскийдің Украинаның Харьков облысындағы Изийум қаласына келгенін хабарлаған болатын.