Атырау, 24 қараша 10:09
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Армения мен Әзербайжан шекарасында атыс басталды

998 просмотра

Сейсенбі түнде Армения мен Әзербайжан шекарасында қақтығыс басталды, деп хабарлайды Sputnik. Армения шекараның кейбір учаскелеріндегі Әзербайжан бөлімшелерінің өз позицияларын алға жылжыту үшін әрекет жасағанын хабарлады.

Армения қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Арам Торосян сағат 04:00-дегі жағдай бойынша шекарадағы жағдай өте шиеленісіп жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, Әзербайжан тарапы бастаған қақтығыстар әлі де жалғасуда, қарқындылық бәсеңдеп жатқан жоқ.

"Қарсылас артиллерия, миномет, пилотсыз ұшақтар мен ірі калибрлі атыс қаруын қолданып жатыр. Әскери нысандарға да, азаматтық инфрақұрылым нысандарына да шабуылдар жасалуда. Кейбір аудандарда әзербайжандық бөлімшелер позициясын алға жылжытуға әрекет етті. Позиция үшін қақтығыс жалғасып жатыр. Арменияның қарулы күштері де қойылған жауынгерлік тапсырмаларды толықтай орындайды", - деді Торосян.

Армения қорғаныс министрлігі армян тарапынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар екенін хабарлады. Баку Армения әскерилерінің шекарадағы Әзербайжан әскерлерінің позицияларына оқ жаудырып, қақтығыс болғанын мәлімдеді. Әзербайжан қорғаныс министрлігі де өз қатарындағы шығын туралы хабарлады.

Былтыр қыркүйек айының соңында Таулы Қарабақта соғыс қимылдары қайта басталып, ұзаққа созылған қақтығыстың жалғасты. Бейбіт тұрғындар қаза болды.

Тараптар бірнеше рет бітімге келуге тырысты. 10 қарашаға қараған түні қол жеткізілген келісім сәтті болды. Әзербайжан мен Армения атысты толық тоқтатуға және тұтқындар мен қаза тапқандардың денелерін айырбастауға келіскен болатын.

13 қыркүйек 2022, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.