Атырау, 22 қараша 00:21
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Вахта қызметкері әрі «құлпынай» фермері

1 627 просмотра

28 жастағы Нұржігіт РАҚЫМЖАНОВ Махамбет ауданы Жалғансай ауылында құлпынай өсіруді қолға алған. Өнімнің бітік шыққаны сондай, биыл оны ашық алқапта өсіруді ұйғарыпты.

Нұржігіт - ТШО қызметкері, вахта арасындағы уақытын егіс басында өткізеді. Өнім жинау кезінде ғана бірнеше жұмысшыны жалдап, бүкіл жұмысты отбасымен өздері атқарғанды жөн көреді.

Шаруашылықпен айналысамын деген ой Нұржігітке екі жыл бұрын келген. Ол кезде иммунитет көтеретін дәрумендер көзін іздеген атыраулықтар табиғи өнімдерді құлшына сатып алатын. Нұржігіт те елден қалмай, Қырғызстан мен Түркиядан әкелінген 2 қорап таңқурай мен құлпынайды сатып алған. Дәмді болғанмен, түрі бұзылып кеткен, не түрі жақсы болғанмен дәмсіз болып шыққан. Осыны неге өзіміз қолға алмаймыз, – деп, Нұржігіт осы шаруашылықты жіті зерделей бастайды.

– Былтыр көктемде Томарлыдағы 10 сотық жері бар аулама 1400 түп отырғызып, жақсы өнім алдым. Аумағы 1 гектар болатын жалға алған алқапқа биыл 17 мың түп көшет отырғыздым. Голландия, Италия мамандарымен сөйлестім, сорттарын, өнімділігін салыстырдым. Жидектен итальяндық «Клэйр» және калифорниялық «Альбион» сорттарын таңдадым: олар ірі әрі дәмді, өңіріміздің ауа-райына төзімді. «Клэйр» көктемде өнім берсе, «Альбионнан» ерте көктемнен қарашаға дейін жеміс алуға болады, – дейді Нұржігіт.

Оның айтуынша, құлпынай жемісін өсіру үшін жақсы тұқым таңдап, суару, тыңайту технологиясын, түрлі аурулардан қорғау әдістерін меңгеру керек. Оның ендігі мақсаты – мемлекеттен жер алып, жеке кәсібін одан әрі кеңейту.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 қыркүйек 2022, 19:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.