Атырау, 24 қараша 09:53
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ұлыбритания монархы алғашқы мәлімдемесін жасады

998 просмотра

Ұлыбританияның премьер-министрі Лиз Трасс жаңа патша III Карл атауын алғанын хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz РБК сайтына сілтеме жасап.

«Анамыздың қайтыс болуы мен үшін және біздің отбасымыздың барлық мүшелері үшін үлкен қайғы болды. Аза тұтудың бұл кезеңінде мен және менің отбасым патшайымның құрметіне қолдау көрсетеміз. Оның қазасын бүкіл ел және әлемдегі сансыз адамдар терең сезінетінін білемін», делінген патшаның хабарламасында.

Айта кетсек, III Карл Ұлыбритания монархы ғана емес, сондай-ақ тағы 14 тәуелсіз мемлекеттің патшасы атанды. Олар: Австралия, Антигуа және Барбуда, Багам аралдары, Белиз, Гренада, Канада, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Сент-Винсент және Гренадин, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Соломон аралдары, Тувалу және Ямайка.

9 қыркүйек 2022, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.