Атырау, 4 қазан 22:24
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Зеленский Ресей әскерінен бірнеше ауылдың қайтарылғанын жариялады

1 086 просмотра

Алайда ол нақты қандай елді мекендердің азат етілгенін хабарламады. Айтуынша, қазір олардың атын атайтын уақыт емес, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін АҚШ барлаушылары да Украина армиясының ресейліктермен шайқаста баяу болса да маңызды прогреске қол жеткізгенін мәлімдеген еді.

Жақында Украина қарулы күштері елдің оңтүстігі мен шығысында, яғни Херсон, Харковь, Донецк облыстарында қарымта шабуылға кірісті. Кейбір мәліметтерге қарағанда, украин жауынгерлері Ресей армиясын құрал-жабдықпен қамтамасыз етуде маңызды рөл ойнайтын Изюм қаласына жақындап барады.

Ал CNN телекомпаниясының хабарлауынша, Украина Херсон облысын жыл соңына дейін қайтарудан үмітті.

8 қыркүйек 2022, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.