Бүгін, 7 қыркүйекте сағат 16.30-да Г.Берғалиев көшесінің бойындағы №75 үйдің 5-қабатында тұратын пәтер тұрғыны ТЖД-ға анасының есікті ішінен құлыптап алғанын, үйіне кіре алмай тұрғаны туралы хабарлады.
ТЖД мәліметінше, шақырту орнына келген қызметкерлер темір есікті бұзып, әйелдің терезеден секірейін деп жатқанын көрген. Олар бұл әрекеттің алдын алып, әйелді жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. 55 жастағы әйелдің психоневрологиялық есепте тұрғаны анықталды.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА