Атырау, 29 қараша 14:46
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Геологта еріктілердің көмегімен спорт алаңы пайда болды

Сурет
1 708 просмотра

Атырауда еріктілер 65 миллион теңге жинап, Геолог ықшамауданына спорт алаңын салды.

Оларға әкімдік 2 гектарға жуық жер телімін бөлді, ал қажетті соманы жинауға кәсіпкерлер мен қарапайым қала тұрғындары көмектесті.

- Біз балаларымыздың өмірін жақсартып, қолайлы етеміз деген өз арманымызды жүзеге асырдық. Балалар енді жол бойында ойнамайды. Кешке осында келіңіз, балалардың қалай қуанып жүргенін көресіз. Біз жобаны 2 айдың ішінде жүзеге асырып, мұның мүмкін екенін дәлелдедік, - дейді ерікті Владимир КИМ.

Еріктілердің айтуынша, бұл орын кездейсоқ таңдалмаған. Біріншіден, талдау жүргізіліп, соның ішінде атқарушы билікті тарта отырып, қала маңына балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық және ойын-сауық алаңдарының аса қажет екендігі анықталды. Ал дронның көмегімен аумақты шолғанда бүкіл Геологта бірде-бір дұрыс алаңның жоқ екенін анық көрінді. Енді футбол алаңы, баскетбол алаңы және воркаут аймағынан тұратын жаңа кешенде бәріне орын жеткілікті.

- Бұл жер енді балаларымыздың сүйікті демалыс орнына айналды. Бұған өте қуаныштымыз. Осындай ізгі шараны ұйымдастырып, соңына дейін жеткізген жастарға алғысым зор. Осындай жобалар көбейе берсін, - дейді Геолог тұрғыны Кәкима ОМАРОВА.

Еріктілердің айтуынша, алда қалаға қажетті басқа да жобалар әзірленіп жатыр. Алаңның қасынан тағы бір жер телімі бөлінген. Ол жерге ауыл тұрғындары үшін қажетті тағы бір әлеуметтік нысан салынуы мүмкін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттерді түсірген автор

7 қыркүйек 2022, 21:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.