Атырау, 29 қараша 14:45
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырауда «халықтық жоба» бойынша не салынады

1 911 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Атырауда биыл «Халықтың бюджетке қатысуы» жобасы бойынша 5 жоба жүзеге асырылуда. Олардың бәрі балалардың ойын алаңдарын қайта жөндеуге байланысты.

Өтініштер Атырау әкімдігінің сайтында 15 ақпан мен 13 наурыз аралығында қабылданды. 15 жобалық ұсыныс түсті, олардың бәрі дерлік балалар алаңдарын, тротуарларды жөндеу мен салуға және ауланы жарықтандыруға қатысты. Сараптамалық кеңес одан әрі дауыс беру үшін ішінен 10 жобаны қабылдады. Іріктеуден өтпеген 5 жоба типтік нысан бойынша ұсынылмағандықтан қабылданбады - біреулері бірден бірнеше ұсыныс жасаған, енді бірі жобаның эскизін / макетін / схемасын және сметалық болжамды құнын жалғамаған.

– Қабыл алмаудың басқа да себептері бар, мысалы, өткен жылғыдай, – дейді қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы Раушан БАШАНОВА. – Ортақ пайдаланылатын нысандарды салу ұсынылғандықтан, ұсынылған жоба салынатын жер телімі коммуналдық меншікте болуы керек. Ал қалалық сәулет бөлімі телімдерді зерттеген кезде, ұсынылған жер телімі жеке аумақ болып шықты. Жобаны қабылдаудан бас тартуға тура келетін тағы бір мәселе - оның құнының тым жоғары болуы. Ережеге сәйкес, оның құны 10 000 АЕК-тен аспауы керек. АЕК-тің өсуіне байланысты келесі жылға арналған жобалар осы талаптарға «сәйкес» келді. Бас тартудың үшінші себебі - қаланы жарықтандыру немесе абаттандыру бойынша ұсынылған жобалар ТКШ мен энергетика басқармасының жоспарына енгізіліп қойған.

Сараптамалық кеңес мақұлдаған қазіргі жобаларға келсек, олар 5-18 сәуір аралығында азаматтар электронды дауыс беру үшін қалалық әкімдік сайтына шығарылды. Ең көп дауыс жинаған өтініштер 2023 жылы қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Р.Башанованың айтуынша, «Халықтың бюджетке қатысуы» жобасы аясында ұсыныстар 8 санат бойынша қабылданады. Бұл көгалдандыру, аумақты абаттандыру, тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және басқа да объектілер) төсеу, жөндеу және жарықтандыру. Сондай-ақ, жобаларда қоқыс алаңдарын жою, беседкаларды, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, балалардың ойнауына және ересектердің демалуына арналған жабдықтар мен құрылғыларды орнату және жөндеу, спорт нысандарын (жаттығу алаңдары, футбол, баскетбол, волейбол алаңдары) орнату, жөндеу және жарықтандыру, аула аумақтарындағы және ортақ пайдаланатын жерлерде балалардың ойын алаңдары қарастырылуы мүмкін.

2021 жылы «Халықтың бюджетке қатысуы» пилоттық жобасы негізінде балалар ойын алаңдарын жөндеу бойынша 3 өтінім қолдау тапты. Жөндеу жұмыстарының құны 4 миллион 233 мыңнан 4 миллион 745 мың теңгеге дейін. Биыл 5 жоба жүзеге асырылуда, бәрі де Авангард-3 ықшамауданындағы №24 тұрғын үйдің, Б.Момышұлы көшесіндегі №114, Привокзальный-5 ықшамауданындағы №18, Жеті қазына ықшамауданындағы №3 және №9 аулаларындағы балалар алаңын жөндеу бойынша. Жобалардың әрқайсысының құны 6 млн 326 мың теңге.

2023 жылға 7 жоба таңдалды: Химпоселок пен Еркінқала-2 аудандарында әрқайсысының құны 25 млн 726 мың теңгені құрайтын спорттық-жаттығу алаңдарын орнату; осындай бағада Еркінқала-2, Водниково-2, Нұрсая-3 ықшамаудандарында футбол алаңдарын орнату; Нұрсаяда құны 6 млн 326 мың және Нұрсая-3 ықшамауданында 8 млн теңгеге балалар ойын алаңдарын орнату.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 қыркүйек 2022, 21:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.