Атырау қаласының прокуратурасы жол салу, жөндеу және күтіп ұстау саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеруге кірісті.
Осыған орай, прокурорлар қала тұрғындары мен қоғам белсенділерін тексеруге көмектесуді және қала прокуратурасының whatsapp нөміріне (+77051005719) саңылаулар, жарықтар немесе жол жағдайын нашарлататын басқа да бұзылыстар пайда болған жерлер туралы ақпаратты фото, бейнематериалдармен қоса жолдардың координаталарын міндетті түрде көрсете отырып, жіберуді сұрайды.