Атырау, 5 қазан 00:31
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Атырау» 0:2 есебінен кейін жігерлік танытып, жеңіске жетті

1 525 просмотра

4 қыркүйекте футболдан ел чемпионатының 18-турында «Атырау» ФК «Мұнайшы» стадионында «Каспий» командасын (Ақтау) қабылдады. Матч тартысты өтті. Тамашалауға келген жанкүйерлер ойыннан ләззат алды.

Ойын меймандардың шабуылымен басталып, 18-минутта «Атырау» айып алаңының шекарасынан доп берілгеннен кейін «Ақтаудың» хорватиялық легионері Иван ПЕШИЧ допты ептілікпен қақпаға бағыттады. Меймандар екінші таймда да шабуылды жалғастырды; 51-минутта алаң иелерінің қақпашысы Арам ХАЙРАПЕТЯН алыс қашықтықтан соғылған соққыны қайтарды, бірақ доп сол Пешичтің аяғына дөп келді – 0:2.

Алайда бұдан кейін бәрі өзгерді. Енді алаң иелері қарсыластарының қақпасына қайта-қайта шоғырлана бастады. 60-минутта ЗАВЕЗЁН деген «мағыналы» (қалжың) фамилиясы бар «Атыраудың» ресейлік жартылай қорғаушы тамаша берілген допты шамамен айып сызығынан сол жақ бұрышқа қарай бағыттап жіберді. Қақпашы Алексей КОЗЛОВ допты өз ойыншылары мен басқалардың арасынан тым кеш көрді: 1:2.

Біздікілер екпіндеп ілгері қарай жүгіріп, 65-минутта Андрия ФИЛИПОВИЧ өзіне тән тәсілмен оң қапталдан аспандап келген допты баспен қақпаға салды. 2:2.

Меймандар ызаланып кетті, мысалы, 77-минутта Айрапетян айып алаңының сыртынан тиген соққыдан кейін командасын аман алып қалды. Ал ең соңында шарықтау шегі орын алды: 86-минутта алаң иелерінің кезекті шабуылы кезінде «Каспийдің» қақпашысы соққыны қайтарды, бірақ Филипович дер кезінде допты қақпаға өте шебер соқты. Нәтижесі – 3:2 есебімен «Атырау» нағыз жеңіске жетті.

Осы турдан кейін «мұнайшылар» турнирлік кестеде 25 ұпаймен 8-орынға жайғасты. Келесі матч 11 қыркүйекте, қазір екінші қатарда тұрған қостанайлық «Тобылмен» сырт алаңда өтеді.

Айнұр САПАРОВА

6 қыркүйек 2022, 00:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.