Атырау, 5 қазан 00:29
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жүзу, велосипедпен жарысу және жүгіру

Сурет
1 914 просмотра

Атырауда Жайық жағалауында алғаш рет триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық кәсіпқой және әуесқойлар спортшылар қатысты.

Жарыс алдымен кәсіпқойлар арасында 17 және 23 жасқа дейінгі санатта (бозбалалар мен қыздар) өтті, ал әуесқойлар арасында қатысушылардың жасына шектеу қойылмады.

Триатлонның ережесі бойынша 23 жасқа дейінгі кәсіпқой спортшылар Жайық өзенімен 1,5 шақырым жарыса жүзіп өтіп, содан соң велосипедпен 40 шақырып жүріп өтіп, оны аяқтаған соң 10 шақырым жаяу жүгіріп өтеді. 17 жасқа дейінгілер үшін жүзу 300 метр, веложарыс 8 шақырым, жүгіру 2 шақырымды құрады.

Атырау облыстық триатлон федерациясының президенті Айбар ЕСЕНҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, кәсіпқойлар арасындағы жарысқа біздің өңірден ешкім қатыспаған. Оған себеп - Атырауда балалар мен жасөспірімдер мектептерінде триатлон үйірмесінің жоқтығы. Ал әуесқой жарысқа 40-тан астам жергілікті спортшы қатысқан.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор 

5 қыркүйек 2022, 23:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.