Атырау, 5 қазан 00:19
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Полиция қызметкерінің «ебедейсіз» болмағаны жөн

1 385 просмотра

Әлеуметтік желіде кейде атыраулық полицейлердің не төсбелгісі, не кеудешелері табылды деген хабарландырулар пайда болады. Атырау облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Мейірім ЕРДӘУЛЕТТІҢ айтуынша, бұл түсінікті жайт.

– Қызметте түрлі жағдай болады, полиция қызметкері қылмыскердің соңына түскенде қызметтік төсбелгісін, тіпті кеудешесін жоғалтуы мүмкін. Осы нақты жағдайда солай болды, – дейді М.Ердәулет.

Жалпы, осындай «ебедейсіздігі» үшін полицей тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Ал ол, Құдай сақтасын, қызметтік қаруынан айырылып қалса, ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы (Салғырттық) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Фархат АБИЛОВ

3 қыркүйек 2022, 22:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.