Атырау, 5 қазан 00:26
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Кефаль теңізде су тапшылығынан өлген бе?

1 258 просмотра
Рахим Қойлыбаев түсірген сурет

29 тамызда әлеуметтік желіде Атырау облысының аумағындағы Каспий теңізінде балықтың, негізінен кефаль балығының жаппай қырылып жатқаны туралы видео пайда болды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Каспий жағалауын зерттеуге жедел түрде Жайық-Каспий бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері жіберілген.

Олар автомобиль және әуе көлігін пайдалана отырып, бақыланатын акваторияны тексеріп, 1 қыркүйекте Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде, Жылыой ауданы «Жилая коса» учаскесіне жақын жерде, жағалаудан 4 шақырым қашықтықтан балық өлген жерді анықтады.

– 2 қыркүйекте экология және полиция департаменттері, ветеринарлық қызметтер мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы сол жерге барып, судан, топырақтан және өлген балықтан сынама алды. Қазір сараптама қорытындысы күтілуде, - деп хабарлады ӨКҚ.

Сондай-ақ «Қазгидрометтің» мәліметі бойынша, 18-23 тамыз аралығында Каспий теңізінде қума жел құбылысы байқалды, яғни су деңгейі төмендеген. Ойпат жерлердегі балық кері шыға алмай қалған. Алдын ала оқиға себебі осы.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

3 қыркүйек 2022, 21:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.