Атырау, 5 қыркүйек 22:34
 дождьВ Атырау +28.3
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Сол маңда қайықпен жүріп, балақайды құтқарып қалды

1 607 рет қаралды

2 қыркүйек күні сағат 18 шамасында 16 жастағы бозбала Жайыққа батқан 3 жасар баланы құтқарып қалды.

Евгений РУСАКОВ «Атырау» ДСК тұсынан қайықпен өтіп бара жатып, батып бара жатқан баланы ер адамның құтқармақ болғанын көріп, дереу көмекке келген. Полицияны да шақыруды ұмытпайды.

- Оқиға орнына стационарлық бекетте қызмет атқарып тұрған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция лейтенанты Ақжол Қибатоллаев пен аға лейтенант Бердібек Хабибуллаев келеді, - деп атап өтті Атырау облысы полиция департаменті. - Полицейлер 30 жастағы ер адам мен оның 3 жастағы ұлын жағалауға шығарып, жедел жәрдем шақыртылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

3 қыркүйек 2022, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.