Атырау, 5 қазан 00:21
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Адал жолмен тапқан ақшамыз қайда?»

1 098 просмотра

Атыраудағы өнер мектебінің ұстаздары жалақыларын толық ала алмай отыр, бұл наразылыққа себеп болды.

Атыраудағы Дамба өнер мектебінің ұстаздары сауықтыру жәрдемақысының жартысын ғана алған. Бұдан басқа, мектеп әкімшілігі 100-ден астам қызметкердің жалақысын қысқартқан. Олар облыстық еңбек инспекциясына шағым түсіргенімен, әлі жауап жоқ.

– Маған 100 мыңға жуық теңге төленген жоқ. Жеті балам бар, оның екеуі колледжде ақылы түрде оқиды. Күйеуімнің жұмысы тұрақсыз, менің айлығым тек тамаққа кетеді. Енді оны да негізсіз қысқартып отыр, – дейді Салтанат ҚАРШЫГЕРОВА.

Өнер мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Салтанат ИБРАЕВА ұстаздарды қолдап отыр:

– Бізде жалғызбасты аналар бар, көбі несие төлейді. Әріптестерімнің талаптары дұрыс деп ойлаймын. Неліктен сауықтыру төлемі дұрыс аударылмайды? Олар заң бойынша өздеріне тиесілі нәрсені ғана сұрап отыр. Бұл тұрғыда ұжыммен біргемін.

Бұған дейін көршілес төрт ауылда 111 мұғалім жұмыс істеген. Олардың айтуынша, 2020 жылы төрт ауылдағы өнер мектебінің бөлімдері жабылып, бір ғимаратқа «оңтайландырылған».

- Осыдан кейін жұмыс істеу қиындап кетті. Қажетті оқу құралдарын өз қаражатымызға аламыз. Сондай-ақ суды, аспап ішектерін, еден сүртетін шүберектерді, химиялық сұйықтықтарды өзіміз сатып аламыз, - дейді ұстаздар.

Ұстаз Әсемхан ХАЙРУЛЛИНАНЫҢ айтуынша, оларға үстемеақы төленбейді:

– Біз еңбек инспекциясына арыз жаздық, бірақ олар әлі үнсіз. Біздің адал еңбекпен тапқан ақшамыз қайда?

Өнер мектебінің директоры мен қалалық білім бөлімінің мамандары жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Кейін қалалық білім бөлімі жиналыс өткенін, мектеп басшылығының әрекеті толығымен заңды екенін хабарлады. Бірақ мұғалімдер өз сұрақтарына жауап беруді талап етеді және соңына дейін баруға дайын.

Фархат АБИЛОВ

3 қыркүйек 2022, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.