Атырау, 5 қазан 00:29
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

АМӨЗ-ге қызмет көрсетуші жүргізушілер жалақыларын 10 пайызға көтеру талабын орындатты

1 276 просмотра

Бүгін, 2 қыркүйекте таңертеңгі сағат сегізде «Gold Sunray » ЖШС жұмысшылары «Атырау МӨЗ» ЖШС бас кеңсесінің алдына жиналып, бағаның өсуі мен инфляцияға байланысты жалақыны көтеруді талап етті.

АМӨЗ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Gold Sunray » ЖШС 2015 жылдан бері зауыттың мердігер компаниясы болып табылады. Компания «Қызмет көрсету персоналының қызметтерін қоса алғанда, қызметтік көліктермен, арнайы техникамен көліктік қызмет көрсету» шартына сәйкес көлік қызметін (қызметтік автокөліктер, арнайы техника) көрсетеді.

- «Gold Sunray» және «АМӨЗ» ЖШС басшылары ереуілшілермен кездесіп, жалақыны 10 пайызға көтеру туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Нәтижесінде мәселе реттеліп, жұмысшылар өз жұмыс орындарына оралды, - деп хабарлады АМӨЗ баспасөз қызметі.

«АЖ» ақпараты бойынша, ереуіл алдында жүргізушілер жалақыны 30 пайызға көтеруді талап еткен.

Айнұр САПАРОВА

2 қыркүйек 2022, 23:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.