Атырау, 5 қазан 00:30
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Сабақ басталды, ал мектеп жөндеуге тұрды

1 593 просмотра

«АЖ»-ға Құрманғазы ауданы Мақаш ауылындағы мектептің оқу жылы басталса да, енді ғана жөндеуден өткізіле бастағанына бір топ ата-ана наразылық білдіріп, хабарласқан болатын.

Ә. Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектеп 30 жыл бұрын пайдалануға берілген. 2014 жылы бюджеттен 60 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жүргізілген болатын. Терезе, есік, едендері және жылу жүйлері ауыстырылған.

- 2014 жылы мектептің бастауыш сыныпқа арналған бір кабинетінен жарықтар пайда болып, уақытша жауып тастады. Содан бері үш қабатты мектептің бірінші қабатында жарықтар пайда бола бастаған. Мектеп әкімшілігі осыған дер кезінде мән бермегендіктен енді ғана жөндеуге тұрғызылуда. Бір аптадан бері терезелерін кірпішпен қалау жұмыстары жүріп жатыр. Жөндеу жұмысын неге ерте жүргізбеген, оқу жылына ерте бастан дайындалмай ма? - дейді ата-аналар.

Мектеп үш блоктан тұрады, бүгінде бір блок жөндеу жұмысына жабылып, екі блокта оқушылар білім алуда. Құрманғазы ауданы әкімдігі әлеуметтік желіде берген жауабында мектептің бірінші қабатындағы МАД кабинетіндегі жарықтар мамыр айының аяғында пайда болғанын атап көрсетеді.

- Ауданнан құрылған комиссия тексеріп, техникалық қорытынды жасауға ұсыныс берілді. Осы ұсыныс бойынша шілденің 5-іне дейін сараптамалық қорытынды жұмыстарын жасауға баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша хабарландыру беріліп, «Gamzatpoekt» ЖШС жеңімпаз болып танылды, - дейді аудандық білім бөлімінің бастығы Гүлфара ҚҰБАЕВА. - Сараптама қорытындысынан кейін жөндеу жұмысын жүргізуге тендерді «Бейбарыс» ЖК ұтып алған еді. Жұмыстар 24 тамызда басталды, мердігер жөндеу ісін 20 күн ішінде аяқтауы тиіс. Ал мектеп алды даярлық тобының  55 оқушысы басқа кабинеттерде оқып жатыр. Жөндеу жұмысы балалардың білім алуына кедергі болмайды.

- Жәй жөндеу ісіне қандай жұмыстар кіріп тұр, мектепте жарықтар неден пайда болып?

- Жөндеу ісіне терезелерді кішірейту және әктеу жұмысы кіреді. Жалпы  бұл мектепке күрделі жөндеу жұмысы қажет болып тұр.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

2 қыркүйек 2022, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.