Атырау, 24 қараша 11:03
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Лукойл" компаниясы директорлар кеңесінің басшысы қайтыс болды

1 432 просмотра
  • Фото ©РИА Новости

"Лукойл" компанияның директорлар кеңесі төрағасы Равиль Магановтың қайтыс болғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Компания ұжым атынан Магановтың отбасына көңіл айтты.

"Лукойл" директорлар кеңесінің төрағасы Равиль Магановтың ауыр науқастан кейін қайтыс болғанын хабарлаймыз. Равиль Ульфатович компанияның ғана емес, бүкіл Ресейдің мұнай-газ саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бір күн бұрын Мәскеудегі Маршал Тимошенко көшесіндегі Орталық клиникалық аурухана ғимараты маңынан Равиль Маганов өлі табылған болатын. Топ-менеджер алтыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен деген болжам бар. 

67 жастағы Маганов "Лукойл" компаниясында 1993 жылдан бері вице-президент болып жұмыс істеген. 2006 жылы "Лукойл" компаниясының бірінші атқарушы вице-президенті болды. Ол 2020 жылы директорлар кеңесіне төраға болған.

1 қыркүйек 2022, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.