Атырау, 15 мамыр 01:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 440.90
€ 475.95
₽ 4.82

Атырауда жолдар қай жерде және қалай жөнделіп жатыр

Сурет
1 732 просмотра

Атыраулықтар қалаішілік жол жөндеу жұмыстары баяу жүріп жатқанын айтуда. Еңбек демалысы аяқталып, оқу жылы басталды, енді осы жолдардың кесірінен ұзын-сонар кептеліс басталады, дейді тұрғындар. «АЖ» тілшісі қала ішінде қайта жаңғыртылып жатқан жол жөндеу жұмыстарын шолып шықты.

Әуезов көшесі бойындағы соңғы аялдама мен Құрманғазы Мәдениет үйі аралығындағы бөлікке асфальт төселіп, жол жиектері орнатылған. Қазіргі кезде жұмысшылардың басым бөлігі соңғы аялдамада жұмыс істеп жатыр. Бұл жерде жолдың астыңғы қабаты тегістеліп, кәріз құбырының беті бетон плиталармен жабылуда. ТКШ мәліметі бойынша соңғы аялдама мен Құрманғазы Мәдениет сарайына дейінгі жол 5 қыркүйекте ашылады деп күтілуде. Ал Құрманғазы Мәдениет үйі алдындағы кішкентай алаң қараша айының аяғына дейін қолданысқа берілмек.

Азаттық даңғылы бойындағы қайта қалпына келтіріліп жатқан жолдың жалпы ұзындығы 2,540 шақырымды құрайды. Бұл жерде жолдың 750 метрдей бөлігінде жұмыстар қызу жүруде.

Балықшы кентінен Зарослый елді мекеніне дейінгі жолдың бөлігіне қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр (жалпы ұзындығы - 3,9 шақырым). Бұл жерде бір КамАЗ бен бір экскаватор жұмыс істеуде.

Сырым Датов көшесінде де жұмыстар жолдың бірнеше бөлігінде жүріп жатыр.  Бұл жолдың жалпы ұзындығы 4,7 шақырым. 800 метр бөлігін қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор 

1 қыркүйек 2022, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.