Атырау, 21 желтоқсан 20:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырау ҚТЖ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау басталды

1 699 рет қаралды

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ-ның өңірлік филиалы мен желілік бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет теміржол саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен шарттарын, сатып алу процесін, үлестестіктің болуын зерделеуді жоспарлап отыр және барлық мүдделі азаматтарды ынтымақтастыққа және қатысуға шақырады.

"Талданып отырған саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болған жағдайда, dgs15@bk.ru электрондық поштасына және  WhatsApp +7 775 428 1282 жіберуді сұраймыз.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы белгілі болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 байланыс орталығына тәулік бойы хабарлай аласыз.

31 тамыз 2022, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.