Атырау, 24 қараша 11:11
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Дәрігер шайды көп ішу тіске зиянды екенін мәлімдеді

1 238 просмотра

Диетолог Василиса Пономарева шай ішудің тіске қауіпті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Маман  "МедикФорум" газетіне берген сұхбатында сусынды көп ішкен жағдайда тістерде дақтар пайда болып, соның салдарынан болашақта жарықтар немесе кариес мазалауы мүмкін екенін айтты.

“Шай кофеге қарағанда тістерді көбірек сарғайтады деу таң қалдыруы мүмкін, алайда оның құрамында танин деп аталатын ингредиент бар. Таннин аузыңыздағы бактериялардан арылуға және қуыстармен күресуге көмектессе де, эмальде тастар жиналып, тістеріңізге дақ түсуі мүмкін. Шай неғұрлым күшті және қоюырақ болса, түссіздену мүмкіндігі соғұрлым жоғары болатыны айтпаса да түсінікті”, – дейді диетолог.

Дәрігер тістерді уақтылы емдеуге және сусынға қант емес, тәтті дәм беруші қоспаларды қолдануға кеңес берді.

30 тамыз 2022, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.